Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар Жаңа жыл мен Рождествода неше күн демалады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Жаңа жылға дейін үш аптадан астам уақыт қалды. Осы орайда KAZ.NUR.KZ мерекеде қазақстандықтардың неше күн демалатынын хабарлайды.

Биыл жаңа жылда қазақстандықтар ресми түрде төрт күн - 1, 2, 3 және 4 қаңтарда демалады.

2 қаңтар сенбіге түсіп тұрғандықтан, бұл демалыс күні 4 қаңтар дүйсенбіге ауыстырылады.  

Осыған сәйкес, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 1, 2, 3, 4 қаңтарда демалады.

Календарь праздников на январь 2021 года
Скриншот: Findhow.org

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін ел тұрғындары 3 күн - 1, 2, 3 қаңтарда демалады. 

Қаңтардағы келесі демалыс бейсенбі - 7 қаңтарға сәйкес келіп тұр. Бұл датада Рождество атап өтіледі. 9, 10 қаңтар (сенбі, жексенбі) әдеттегідей демалыс күні.

Айта кетейік, 31 желтоқсан - ресми жұмыс күні.

Календарь праздников на январь 2021 года
Скриншот: Findhow.org

Еске сала кетсек, осыған дейін қазақстандық белгілі астролог Ирина Әбдірайымова желтоқсан айына болжам жасаған болатын.

Әбдірайымова желтоқсандағы өзгерістерді Айдың және Күннің тұтылуымен байланыстырып отыр.  

"30 қараша күні Айдың тұтылуына куә болсақ, 14 желтоқсанда Күннің тұтылуын тамашалаймыз. Бұл астрономиялық құбылыстар бізге қалай әсер етеді?! Ең алдымен, күнделікті, бірқалыпты тірлігіміз өзгереді. Эмоцияға, сезімге көп берілеміз, интеллект пен ішкі түйсік басым түседі. Сенімсіздік пен мазасыздық күшейеді. Жылдың алғашқы жартысында жаңа дос тауып, жұмыс орнын, тұратын жерімізді немесе тағы басқа дүниелерді өзгертуіміз ықтимал", - дейді астролог.

Маманның сөзінше, желтоқсан айы күтпеген өзгерістерге толы. Мысалы, біреу аяқасты байып шыға келсе, енді бірі банкротқа ұшырап, жиған-тергенінен қапелімде айырылып қалуы ғажап емес.

Сонымен қатар осы жылдың бірінші желтоқсанынан бастап елімізде не өзгергенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888180-kazakstandyktar-zaa-zyl-men-rozdestvoda-nese-kn-demalady/

pixel