Ақтөбеде оқушы қызбен сексуалдық байланыста болды деген күдікпен кәсіпкер ұсталды

Опубликовано:

Жасөспірім
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Ақтөбеде танымал кәсіпкердің кәмелет жасына толмаған жасөспіріммен интимдік қатынасқа түсті деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл хабарға қатысты өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Kozachkov offside Telegram арнасында Ақтөбеде кәсіпкер әрі депуттатың Қылмыстық кодекстің 122-бабының 3-бөлігі (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер) бойынша күдіктеліп жатқаны және ұсталғаны туралы ақпарат жарияланды.

Бұл жайтқа қатысты Ақтөбе облысы полиция департаменті пікір білдірді.

Ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта жеке тұлғаға қатысты қылмыстық құқық бұзғаны үшін Ақтөбе тұрғынына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.

"Қазіргі уақытта күдікті ҚР ҚПК 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жария етілмейді", - деді мекемеден.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбеде 17 жастағы жігіт 15 жастағы сүйіктісімен интимдік қатынасқа түскені үшін үш жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Оқиға шілде айында жас ғашықтардың үйден қашып кетуінен басталған. Ата-аналарының ескертуіне қарамастан, олар үйде бірнеше рет түнемеген.

Қос ғашық отбасын құрғылары келгенімен, оған ата-аналары рұқсат бермепті. Кейінірек, қыздың анасы полицияға шағым түсіріп, сараптама жасатқан.

Кейінірек, біздің порталға сұхбат берген қос жасөспірімнің ата-аналары кешірім беруді сұраған еді.

Сол кезде Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған іс аса ауыр қылмыс түріне жататынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888237-aktbede-okusy-kyzben-seksualdyk-bajlanysta-boldy-degen-kdikpen-ksipker-staldy/

jitsu gif