RU

Коронавирус: Алматы қайтадан "сары" аймаққа енді

Қаладағы көше көрінісі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады. Ведомстводағылар Алматы қаласы инфекцияның таралу көрсеткішіне байланысты "сары" аймаққа қайта кіргенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Комитеттің мәліметінше, сонымен қатар еліміздегі тағы екі өңір "қызыл" аймақтан шыққан.

"Алматы сары аймақта. Қызыл аймақта – Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары. Сары аймақта – Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай, Атырау облыстары, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары.

Қалған облыстар жасыл аймақта", – дейді департаменттің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Еске салайық, бұған дейін Байтанаев Алматының "сары аймақтан" шыққанын хабарлаған еді.

Сондай-ақ қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өз сөзінде Алматы "сары" мен "жасыл" аймақтың ортасында болатынын, мегаполисте қатаң локдаун енгізілмейтінін мәлімдеген болатын.

Алайда Сағынтаев санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің барлық талаптары орындалмаса, онда қаланы жабуға мәжбүр болатындарын да еске салды.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 670 адамда COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың 65-і Алматы қаласынан.

Жалпы бүгінде ел бойынша коронавируспен ауырғандар саны 137 653-ке жетсе оның 16 599-ы оңтүстік астанадан.

Сонымен бірге өткен тәулікте 43 алматылық індеттен жазылып шыққан. Бүгінде коронавирустан жазылған қала тұрғындарының саны 150 03-ге жетіп отыр. Ал дерттен қайтыс болғандар саны 335 адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888333-almaty-koronavirus-taralu-krsetkisi-bojynsa-kajtadan-sary-ajmakka-endi/