Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында қылмыстық топты ұстау бойынша операция видеоға түсіп қалған

Опубликовано:

Қылмыстық топты ұстау сәті
Видеодағы кадр: Алматы облысы ПД

Алматы облысында полиция арнайы операция жүргізіп, қылмыстық топты залалсыздандырды. Топ құрамына бес адам кірген, олардың үшеуі бұрын сотталғандар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық топтың барлық мүшесі – 22-29 жас аралығындағы Талдықорған қаласының тұрғындары.

Ұсталғандар Талдықорған, Сарқан және Көксу аудандарындағы 12 пәтерді тонағандарын мойындап, түсініктеме берген.

"Топ осы аймақта соңғы екі айда жұмыс істеп келген. Осы уақытқа дейін күдіктілерге Талдықорғандағы 6, Сарқан ауданындағы 5 және Көксу ауданындағы 1 тонау фактісі бойынша айып тағылды. Барлық қылмыстар жеке үйлер мен пәтерлерде жасалған. Ұсталғандардың үшеуі бұрын ұрлық және алаяқтық жасағаны үшін жауапқа тартылған", – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Қылмыстық топ мүшелерін тұтқындау "СОБР" жауынгерлерінің қатысуымен жүзеге асырылып, бейнебақылау камераларына түсіп қалды.

Ұсталғандардың төртеуі уақытша қамауға алынды. Олардың біреуіне қатысты кетіп қалмау туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Полиция басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеруді жалғастыруда.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы Медеу ауданында полицейлер Шығыс Қазақстаннан келген пәтер тонаушылар тобын қолға түсірген болатын.

Оған қоса, Оралда такси жүргізушілерін сабап, көлігін тартып алып жүрген қарақшылар ұсталған еді. Қылмыстық топ ұрланған көлікті Атырауда сатпақ болған жерінде қолға түсті. Күдіктілер осы уақытта қамауда отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1888396-almaty-oblysynda-kylmystyk-topty-stau-bojynsa-operacia-videoga-tsip-kalgan/

pixel