Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Орел и решка»: Маңғыстау өңірі Украина телеарнасынан көрсетілді

Опубликовано:

Бозжыра
Фото: avesta-news.kz

Маңғыстау ғажайыптары: «Орел и решка» бағдарламасының жаңа шығарылымы Украинаның «Новый канал» телеарнасынан көрсетілді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Танымал телебағдарламаның жүргізушілері Антон Зайцев пен Василиса Хвостова Маңғыстауға келеді. Олар алдымен Ақтау халықаралық әуежайында тиын тастап таңдау жасайды. Дәстүр бойынша, жүргізушілер саяхатта "Алтын картаны" кім қолданатынын және 100 долларға кім демалыс өткізетінін анықтайды. Бағдарламаның бұл шығарылымында Василиса Хвостованың жолы болмады. Ол Маңғыстаудағы демалысын 100 долларға ғана есептейді.

Ал, Антон Зайцев "Алтын картаны" иемденеді. Осылайша, олар облыс орталығы - Ақтауға жол тартады. Жүргізушілер Маңғыстаудың табиғатын түсіріп, өңір тұрғындарының өзіне тән қасиеттерін көрсетеді.

Сондай-ақ, теңіз жағасындағы үйдің төбесінде орналасқан маяк жайында айтады. "Меловая" маягі - көпке таныс. Теңіз деңгейінен 71 метр биіктікте орналасқан мұнара - әлемдегі санаулы нысанның бірі. Каспий теңізі, "Бозжыра" шатқалы мен Көгезге барғандарын аңғаруға болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Бозжыра шатқалында қонақ үй салу жобасын қайта қарауды тапсырған болатын.

Одан бөлек, Бозжыра шатқалына ат басын бұрған америкалық саяхатшыларды ерекше құбылыс таңғалдырғанын жазған едік.

Көп ұзамай мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Маңғыстау облысының Бозжыра қорығы аумағында қонақүй құрылысы жобасын қайта қарау туралы президент тапсырмасын түсіндіріп берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888408-orel-i-reska-magystau-iri-ukraina-telearnasynan-krsetildi/

pixel