Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда жаңажылдық кештер болмайды

Опубликовано:

Жаңа жыл
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қала тұрғындарына жаңажылдық кеш өткізуге рұқсат беріле ме деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, бұл мәселе көп адамды толғандырады. Оның сөзінше, коронавирус жұқтырудың алдын алу үшін мерекелік шаралар өткізілмеуі керек.

"Жаңажылдық кештерді ұйымдастырмауымыз керек. Барлық кәсіпорынға айтарым, ұжымдық кештер өткізбеңіздер. Өйткені бұған санитар дәрігерлер тыйым салған. Әсіресе, кафе, мейрамханалар кеш ұйымдастырмауы керек. Әйтпесе бұл үшін жауапкершілікке (әкімшілік- ред.) тартылатын болады", - деді Көлгінов.

Нұр-Сұлтан әкімі эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтаудың маңыздылығына да тоқталды.

"Біз бір-бірімізді қорғауымыз қажет. Әсіресе, аға буын өкілдерін, жақындарымыз бен туыстарымызды. Жазда қандай қиын жағдай болғанын көрдіңіздер ғой. Біз күнде коронавирус жұқтыру деңгейі артып жатқан елдер қандай шектеу шаралары мен шешімдер қабылдап жатқанын бақылап отырамыз.

Сондықтан, Жаңа жылда адамдар тәуекелге бармас үшін ұжымдық кештерді өткізуге тыйым саламыз. Жаңа жыл - отбасылық мереке, сондықтан үйде қалып, жақындарымызды, туыстарымызды құттықтаған абзал. Ал жаңажылдық кештер де, жаппай серуендеу де болмайды", - дейді елорда әкімі.

Еске салайық, осыған дейін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі мемлекеттік қызметкерлер жаңажылдық кештен бас тартатынын айтқан еді.

Елдегі ірі компаниялар да ауқымды кеш ұйымдастырмайтын болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888626-nr-sltanda-zaazyldyk-kester-bolmajdy/

pixel