Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында әкім орынбасары жол апатынан көз жұмды

Опубликовано:

Талгат Жармагамбетов за рабочим столом
Фото: gov.kz

Қостанай облысы, Қарасу ауданы әкімінің 42 жастағы орынбасары жол апатынан қайтыс болды. Қайғылы жайтқа қатысты өңірлік полиция дептарменті де пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Қарасу ауданы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Жармағамбетов Талғат Арыстанғалиұлы 42 жасында Қарасу ауданы Қарасу ауылында 2020 жылғы 8 желтоқсанда жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болды", - делінген аудандық әкімдіктің ресми сайтында.

Ведомство Талғат Арыстанғалиұлы Қарасу ауданы әкімінің орынбасары қызметін 2017 жылғы 18 қазаннан бастап атқарғанын, жұмыс барысында өзін тек жағымды жағынан көрсете білгенін, кәсіби басшы болғанын атап өтті.

Әріптестері марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтты.

Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 8 желтоқсанда "Қарасу-Үлкен Чураковка" тас жолының екінші шақырымында болған.

Жол көлік оқиғасы туралы хабарлама тәртіп сақшыларына сағат 19.16-да түскен. Оқиға орнына бірден полиция қызметкерлері жеткен.

Анықталғандай Ravon көлігінің 28 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылған. Салдарынан 42 жастағы жолаушы аудандық ауруханада есін жимастан қайтыс болған.

Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жүргізушінің алкогольдік сусын қолданбағаны анықталды. Аталмыш факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған.

Бұл жайт Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі бойынша тіркелген (Жүргізушінің жол ережесін бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соғуы). Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ақмола облысында белгілі кәсіпкер Владимир Свидерский жол апатынан қайтыс болғанын жазған едік.

Сонымен қатар Щучинск қаласында екі полиция қызметкері жол апатынан көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1888661-kostanaj-oblysynda-kimni-orynbasary-zol-apatynan-kz-zmdy/

pixel