RU

Нұр-Сұлтан коронавирус бойынша "қызыл" аймаққа кірді

Фото
Көрнекі фото: travelask.ru

Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймаққа кірді. Бұндай мәлімет облыстардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалайтын Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сайтында жарияланды.

10 желтоқсандағы мәліметке сәйкес, елорда коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймаққа енген. Бұл аймақта Павлодар облысы да бар.

Ал "сары" аймақта Алматы қаласы мен Атырау, Қостанай, Ақмола, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары қалып отыр. Еліміздің өзге өңірлерінің барлығы "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 777 адам тіркелген. Соның 121-і Нұр-Сұлтан қаласында анықталды.

Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы жұқтырғандар саны 139 159-ға жетіп отыр.

Cонымен қатар өткен тәулікте індеттен 924 науқас жазылып шыққан. Оның 98-і елордадан. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта республика бойынша 123 215 адам коронавирустан жазылған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елордада жаңажылдық, ұжымдық кештерді ұйымдастыруға тыйым салынатынын бұл үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салған еді.

Көлгіновтің сөзінше, жаңа жылда жаппай серуендеуге де рұқсат жоқ. Керісінше мерекені үйде қарсы алып, бір-бірімізді әсіресе, аға буын өкілдерін, жақындарымыз бен туыстарымызды індттен қорғауымыз қажет.

Сондай-ақ еліміздің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстанда COVID-19 жұқтырудың шарықтау шегі қашан болатынын болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888730-nr-sltan-koronavirus-bojynsa-kyzyl-ajmakka-kirdi/