Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда күйеуі жындыханаға жатқызған әйел өзін-өзі өлтірді

Опубликовано:

әйел
Көрнекі фото: sputnik.kz

Ажырасқысы келмеген күйеуі жындыханаға жатқызып тастаған әйел өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлайды zakon.kz.

Оқиға 10 желтоқсан күні болған.

"10 желтоқсан күні сағат 02:50-де тұрғын үй кешендері бірінің маңынан әйелдің денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Подъезді тексеру барысында 11- техникалық қабаттың жақтауында іздер байқалды. Алдын ала болжам бойынша, әйел осы жерден секірген",- деді елордалық ПД баспасөз қызметі.

Қазір тиісті сараптамалар тағайындалған.

"Алматы" аудандық полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің 105- бабы ( өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу) бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары басталды. Қазір тиісті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр",- деп толықтырды ведомство.

Осыған дейін әйелімен ажырасқысы келмеген азамат оны жындыханаға жатқызып тастағаны туралы ақпарат тараған еді.

Күйеуімен төрт жыл бірге тұрған келіншек ажырасқысы келгенімен, күйеуі қарсы болған екен. Ол жарын жындыханаға жатқызып, баласын тартып аламын деп қорқытқан. Нәтижесінде азамат оны қинап, қалалық психикалық орталыққа жатқызған.

Келіншек ауруханада бір ай жатқан соң қатты соққыға жығылған. Ол денесіндегі ауыр жарақаттарға байланысты ауруханаға жүгінуге мәжбүр болған. Ал күйеуі оны ұып-соғып, жындыханаға жатқызуды жалғастыра берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1888867-nr-sltanda-kjeui-zyndyhanaga-zatkyzgan-jel-zin-zi-ltirdi/

pixel