Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда онлайн білім беру тоқтайтыны рас па: Министрлік жауап берді

Опубликовано:

онлайн сабақ
Көрнекі фото: "Айқын"

Әлеуметтік желіде Қазақстанда онлайн білім беру тоқтайды деген ақпарат тарап кетті. Білім және ғылым министрлігі аталған қауесетті жоққа шығарды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз хатшысы Гаухар Омарбек карантин кезіндегі мектептердің жұмысы жөнінде шешімді кім қабылдайтынын айтты.

"Карантин жағдайындағы мектептер жұмысы жөнінде шешімді тек санитар дәрігерлер қабылдайды. Онлайн білім беру мен қашықтан оқыту екеуі екі түрлі формат екенін айта кеткім келеді.

Қазір карантин жағдайында балалар негізінде қашықтан оқыту форматында білім алып жүр. Оқу жылының басынан бері министрлікте мұндай мәселе көтерілген жоқ", - дейді ол.

Білім және ғылым министрлігі балалардың мектепке тезірек оралғанын қалап отырғанын жеткізді. Алайда олар да Денсаулық сақтау министрлігінің талаптарын сақтауға міндетті екендіктерін атап өтті.

Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Пірәлиева елордадағы мектептерді онлайн форматқа ауыстыру мәселесі қаралып жатқанын мәлім еткен болатын. Ол бүгінде оқушылар арасында коронавирусты жұқтыру жағдайлары аз емес екенін айтқан.

Ал Батыс Қазақстан облысында желтоқсан айында 29 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталып, қауіпті індеттің салдарынан бірден бес мектеп карантинге жабылды.

Коронавирус бес мектептің 8 сыныбында анықталуына байланысты науқастармен қарым-қатынаста болған оқушылар мен мұғалімдер үйлерінде оқшаулануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889072-kazakstanda-onlajn-bilim-beru-toktajtyny-ras-pa-ministrlik-zauap-berdi/

pixel