Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында өрт салдарынан төрт адам қаза тапты (фото)

Опубликовано:

Өрт сөндіруші
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы облысында бір отбасының өмірін жалмаған қайғылы жағдай орын алды. Төрт адамнан тұратын жанұя өрт салдарынан қайтыс болған деп жазады KAZ.NUR.KZ өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында орын алған.

Алматы облысының ТЖД-не сағат таңғы 05:40 шамасында өрт туралы хабарлама түсіп, өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минутта жеткен. Алайда, ол кезде жеке тұрғын үй аумағындағы уақытша тұрғын үй құрылысы толықтай отқа оранған.

Алматы облысында өртенген үй
Оқиға орны. Фото: Алматды облысы ТЖД

Өрт сөндіру барысында оқиға орнынан төрт адамның мәйіті  табылды. Олар 28 және 23 жастағы ерлі-зайыптылар мен олардың екі ұлы болып шықты. Бүлдіршіндердің бірі үште болса, кішісі бір жаста болғаны анықталды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Өрт сағат 06. 09- да ауыздықталып, сағат 06. 45-те толығымен сөндірілді. Өрттің көлемі 40 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Өрттің шығу себеп-салдарын анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысының ТЖД қарасты зерттеу сынау өртке қарсы лабораториясы жіберілді.

Өңірлік ТЖД қаза болғандар өртке оранған тұрғын үйді жалға алып тұрғандарын атап өтті.

Алматы облысында өртенген үй
Оқиға орны. Фото: Алматды облысы ТЖД

Төтенше жағдайлар департаменті барша қазақстандықтарды сақ болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін ұстануға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1889183-almaty-oblysynda-rt-saldarynan-trt-adam-kaza-tapty/

pixel