Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда спорт кешеннен өрт шықты (фото, видео)

Опубликовано:

Өрт сөндіруші өртті сөндіріп жатыр
Оқиға орны. Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Оңтүстік астанада "Медина" атты спорттық кешен өртке оранды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Анықталғандай, өрт оқиғасы бүгін сағат таңғы 07: 55 шамасында Әуезов ауданындағы Яссауи көшесінде орналасқан спорт кешенінде орын алған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оңтүстік астана ТЖД күштері өрт жайлы ақпарат келіп түскен бойда бірден оқиға орнына аттанды. Құтқарушылар оқиға орнына келіп жеткен соң, "Медина" атты бір қабатты спорт кешенінің жаттығу залы өртке оранғанын аңғарған.

Жалынның жақын орналасқан өзге әкімшілік ғимараттарға көшу қаупі төнді.

Алматыдағы өрт
Оқиға орны. Фото: Адматы ТЖД баспасөз қызметі

Белгілі болғандай, өртті сөндіруге жеке құрамның 70-тен аса қызметкері мен 19 арнайы техника жұмылдырылған. Оның үстіне, оқиға орнында Алматы ТЖД басшылығы мен іс-қимыл қызметтер де болған.

Спорт кешеніндегі жалын толығымен сағат 08.53 шамасында сөндірілді. Өрттің таралу аумағы 1000 шаршы метрді құрады.

Өрт сөндірушілер өртке оранған залға жақын орналасқан тағы бір спорттық залды, екі қабатты әкімшілік ғимаратты және қойманы жалыннан аман алып қалды.

Төтенша жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Алматыдағы өрт
Оқиға орны. Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында орын алған өрт оқиғасы жайлы хабарлаған болатынбыз. Төтенше жағдай салдарынан ерлі-зайыптылар мен олардың екі ұлы көз жұмған.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, төтенше жағдай Ұйғыр ауданының Шонжы ауылында орын алған. Марқұм отбасы аталған тұрғын үйді жалға алып тұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1889185-almatyda-sport-kesennen-rt-sykty-foto-video/

pixel