Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германияда 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі

Опубликовано:

Берлин қаласы
Фото: pixabay.com

Германияда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты 16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі деп хабарлайды dw.com.

Басылымның жазуынша, қатаң локдаун 10 қаңтарға дейін созылуы мүмкін.

Бұл шектеу шараларын 13 желтоқсанда бейнеконференция кезінде Германияның 16 федералды штат премьер-министрлері мен Германия ганцлері Ангела Меркель қабылдаған.

Ел бойынша азық-түліктік емес дүкендердің барлығы жабылады. Бала бақшалар жабылып, мектептер дәстүрлі білім беру форматын тоқтатады.

Сонымен бірге дәріханалар, тұрмыстық химия мен галантерея тауарлар дүкендері, банктер мен пошта бөлімшелері ашық болады.

Алдағы мереке күндеріне орай Германия билігі жапай іс-шаралар өткізуге тыйым салды. Сондай-ақ азаматтарға отшашу ұйымдастырмауға кеңес берілген.

Еске сала кетейік, Украинада жаңа жылдан кейін қатаң локдаун енгізіледі. Ел билігі COVID-19 дертінің таралу жағдайы көбеюіне байланысты елде жаңа шектеулер енгізілетіні туралы ақпаратты ресми түрде жариялауға мәжбүр болған.

Айта кетсек, бұған дейін Түркияда коронавирустың өршуіне байланысты 1 желтоқсаннан бастап, демалыс күндері коменданттық сағат енгізілгенін хабарлаған едік.

Ел тұрғындары жұма күні кешкі 21:00-ден бастап, дүйсенбі күні таңғы 5-ке дейін сыртқа шыға алмайды. Азық-түлік дүкендері тек үйге жеткізу қызметі бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ елдегі монша, сауна мен ойын сауық орындары уақытша жұмысын тоқтатқан.

1 желтоқсаннан бастап, Камбоджада да сақтық шаралары күшейтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889225-16-zeltoksannan-bastap-germaniada-kata-lokdaun-engiziledi/

pixel