Моңғолияда қандасымыз қала әкімі болып тағайындалды
Опубликовано:

Моңғолияда 34 жастағы этникалық қазақ Есболат Дәуітұлы Өлгий қаласының әкімі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Kaznews.
Басылымның жазуынша, Есболат Дәуітұлы атталған қызметке Баян-Өлгий аймағы әкімінің өкімі бойынша және Өлгий сұмыны Азаматтар өкілдері Хуралының (мәслихатының) алғашқы сессиясының келісімімен тағайындалған.
Есболат Дәуітұлы 1986 жылы Баян-Өлгий аймағының Цагааннуур (Ақкөл) қалашығында дүниеге келген.
2007 жылы Ғылым технология университетін Мұнай газ инженері мамандығы бойынша бітірген.
2012 жылы Ғылым технология университетінен Техника ғылымдарының магистрі дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2007-2008 жылдары Шунхлай трейдинг компаниясында менеджер болып бастаған.
2008-2009 жылдары НИК-Петровис компаниясында Жанармай құю бекетінде жетекші болған.
2009-2015 жылдары Цагааннуур қалашығындағы Мемлекеттік жанармай қорында менеджер-инженер болып еңбек еткен.
2015 жылдан бастап осы уақытқа дейін Цагааннуур қалашығының әкімі қызметін атқарып келген.
Еске сала кетсек, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Ғани Майлыбаев Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы қызметіне тағайындалған еді.
Сонымен қатар Сағынтаевтың өкімімен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Нариман Табынбаев тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889235-mogoliada-kandasymyz-kala-kimi-bolyp-tagajyndaldy/