Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда пойыз вагоны өртеніп бес адам зардап шекті (фото, видео)

Опубликовано:

Вагон өртенді
Оқиға орны. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"Маңғышлақ-Ақтөбе" жолаушылар пойызының жүк вагонынан өрт шығып, салдарынан бес адам зардап шекті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап.

Талғат Уәлидің айтуынша, 2020 жылғы 14 желтоқсанда сағат 04.30-да Маңғыстау облысының ТЖД-не Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының аумағында орналасқан № 464 разъезд ауданында № 109 "Маңғышлақ-Ақтөбе" жолаушылар пойызының жүк вагонынан өрт шыққаны туралы ақпарат түскен.

Вагон өртенді
Оқиға орны. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Оқиға орнына 30 адамнан тұратын топ пен 7 бірлік техника және 1 бірлік өртсөндіргіш пойыз жіберілген.

Өрттің басқа вагондарға таралуына жол бермеу мақсатында жүк вагоны жолаушылар вагонынан ажыратылған.

Өрт салдарынан 5 адамды, оның ішінде бір баланы түрлі дәрежеде күйік шалған. Барлық зардап шеккендер жүк вагонында болған. Олар Бейнеу ауылындағы орталық ауруханаға жеткізілген.

Вагон өртенді
Оқиға орны. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алдын ала болжам бойынша, өрт жүк вагонындағы газ баллонының жарылуынан шыққан.

Сағат 07.19-да өрт ауыздықталған, алайда жүк вагоны толығымен жанып кеткен. Өрттің себептері мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сағат 09.18-де жолаушылар вагондары Ақтөбе станциясына жіберілген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында бір отбасының өмірін жалмаған қайғылы жағдай болғанын, бір жанұяның төрт мүшесі өрт салдарынан қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Оралда да үй өртеніп, ер адам мен төрт жасар бала көз жұмған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1889275-magystauda-pojyz-vagony-rtenip-bes-adam-zardap-sekti-foto-video/

pixel