Түні бойы салбырап тұрған: Темір қоршауға қысылып қалған әйел үсіп өлді
Опубликовано:

Башқұртстанда әйел адам темір қоршауға қысылып қалып, үсіп өлді. Марқұм түні бойы басымен төмен салбырап тұрған деп хабарлайды ufa1.ru басылымы.
Қайғылы жағдай Чишминский ауданы Дема ауылында орын алған.
Келіншек темір қоршауға қысылып, түні бойы басымен төмен салбырап тұрған.
Көршілердің сөзінше, түнде қараңғы болғандықтан оны ешкім көрмепті. Соның салдарынан әйел үсіп өлген.
"Бұл фактіге қатысты тергеу органдары тексеріс жүргізіп жатыр. Қазіргі таңда оқиға орны қаралды, сот-медициналық сараптама тағайындалды, куәгерлерден жауап алынды", - деп атап өтті тергеушілер.
Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды.
Еске сала кетсек, Павлодарда 6 желтоқсанда Қазы ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан Борлы көлінен мұздың астында сіресіп қатып қалған 26 жылқының табылғанын хабарлаған едік.
Айта кетейік, Алматы маңында екі бала мұз астына түсіп қайтыс болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889338-tni-bojy-salbyrap-trgan-temir-korsauga-kystyrylgan-jel-sip-ldi/