Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да жоғары дәрежелі әскерилер ұзақ мерзімге сотталып кетті

Опубликовано:

Әскер
Көрнекі сурет: zen.yandex.ru

Семей гарнизоны Әскери сотында әскери жедел бөлімнің лауазымды адамдары нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл іс туралы Шығыс Қазақстан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті пара алды деп айыпталған "Семей эксплутациялық бөлімінің" басшысы Хамзин мен орынбасары Мұратовқа қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабардар етті.

"Олар бір топ адам болып алдын-ала сөз байласу арқылы кәсіпкер мен қорғаныс министрлігі әскериерді пәтермен қамтамасыз ету бас басқармасы арасында жез сым жеткізу үшін 57,4 миллион теңге сомасына жасалған келісімшарттар бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін 1,8 миллион теңге пара алды деп күдікке ілінді", делінген хабарламада.

10 желтоқсанда Семей гарнизоны әскери соты Хамзинге мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыру, сол секілді Мұратовқа қатысты мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Еске сала кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтан әуежайынан 1,7 млрд ұрлануына байланысты қылмыстық іске қатысы барларға сот үкімі шығарылды. Экс-қызметкерлер ұзақ мерзімге сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889348-sko-da-zogary-drezeli-skeriler-zak-merzimge-sottalyp-ketti/

pixel