RU

1997 жылы Көкшетауда екі әйелді өлтірген азамат Ресейде қолға түсті

Кісен
Көрнекі фото: perm.aif.ru

1997 жылы Көкшетауда екі әйелді өлтірген азамат 23 жылдан кейін қолға түсті. Ол жаралаған екі келіншектің бірі оқиға орнында, ал екіншісі бірнеше күннен кейін ауруханада қайтыс болған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ақмола облысының полицйлері ресейлік әріптестерімен бірге 23 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады. Өңір полиция департаменті ақпаратына сәйкес, 1997 жылы маусым айының соңында сағат 21:00-де Көкшетаудағы көпқабатты үйдің бірінде азамат екі әйелге пышақ жарақатын салған. Олардың бірі оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Ал екіншісі жансақтау бөліміне жеткізіліп, бір аптадан соң көз жұмған.

Күдікті қашып жүрген. Оған халықаралық іздеу салынып, көрші мемлекеттегі тәртіп сақшысына сипаттамасы жіберілген.

2020 жылдың 12 желтоқсанында ресейлік құқық қорғау органдары Курган облысының Журавлево ауылында ер адамды ұстады. Оның осы уақыт аралығында жанұялы болып, екі бала асырап отырғаны анықталды. 50 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына жіберілді. Қазіргі уақытта экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, Қостанай облысында полиция 12 жастағы өгей қызын зорлады деген күдікпен 29 жастағы Лисаковск тұрғынын ұстады. Қазір азамат қамауға алынған.

Ал жүкті қыз перзентханада жатыр. Қостанай облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 120-бабы (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сондай-ақ, тергеу басталып, сараптамалар тағайындалды.

Айта кетейік, жыл басында "зорлау" бабы – орташа ауырлық дәрежесінен ауыр қылмыстар санатына ауыстырылған болатын. Егер аталған факті дәлелденсе, ер адамға 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889381-1997-zyly-kksetauda-eki-jeldi-ltirgen-azamat-resejde-tsti/