RU

Маңғыстауда пойыздағы өрттен зардап шеккендердің халі қандай

Дәрігер1
Көрнекі фото: piqsels.com

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасында "Маңғышлақ - Ақтөбе" бағытындағы пойызда болған өрттен зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Олардың арасында бір алматылық пен Ақтаудың бір тұрғыны бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Lada.kz ақпарынша, зардап шеккен ең үлкен азамат 42- де, ал кішісі 11-де. Олардың бәрі Бейнеу орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

Денсаулық сақтау басқармасы екі адамның жағдайы ауыр екенін, ал біреуі аса ауыр жағдайда жатқанын мәлімдеді.

"42 жастағы ер адамға бас, мойын, бет, арқа, қол мен аяқты қоса алғанда іштің алдыңғы бетінің, ІІ және ІІІ дәрежелі күйігі диагнозы қойылған, термиялық күйіктің ауданы 80 пайызды құрайды. Оның жағдайы өте ауыр деп бағалануда",- деді ведомство.

31 жастағы тағы бір азаматтың денесін 40 пайыз күйік шалған, жағдайы ауыр. Медицина қызметкерлері қос науқасты да авиация арқылы облыстық ауруханаға жеткізуді жоспарлап отыр. ТЖ салдарынан зардап шеккн бала ауыр халде, оның денесін 50 пайыз күйік шалыған. Ол облыстық балалар ауруханасына ауыстырылмақ.

Ал 35 жастағы ер адамның денесі 30 пайыз күйген. Оның жағдайы орташа ауыр. Бесінші зардап шегуші, 38 жастағы азаматты 22 пайыз күйік шалған, оның да халі орташа ауыр деп бағалануда.

Айта кетейік, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли "Маңғышлақ-Ақтөбе" пойызының жүк вагонындағы өрт туралы айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889386-magystauda-pojyzdagy-zarylystan-zardap-sekkenderdi-hali-kandaj/