Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңажылдық кештерде төбе көрсететін шенеуніктер жұмыстан қуылмақ

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Ресейдің Новосибирск облысының губернаторы Андрей Травников қоластындағыларға коронавирус пандемиясы кезінде жаңажылдық кештерге қатысатын шенеуніктер жұмыстан қуылатынын ескертті деп жазады РИА Новости

Травников қызметкерлеріне барлық сақтық шараларын орындауға мүдделі екенін көрсету маңызды екенін атап жеткізді.

Оның сөзінше, тәртіп бұзушылар арнайы рейдтер арқылы ізделеді екен.

Сондай-ақ Новосибирск облысының губернаторы жауапты органдар мен шенеуніктерді жаңажылдық кештерді жасырын өткізуді жоспарлап отырған ойын-сауық орталықтары және тамақтану орындары туралы ақпарат жинауға шақырған.

Айта кетейік, осыған дейін Травников эпидемиологиялық шаралардың сақталуын ескермей, бұқаралық іс-шараға қатысқан шенеуніктерді сыйақыдан айыруды тапсырған еді.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласы Жаңа жылға орай безендірілмейтіні хабарланған еді. Қаланы безендіруге бөлінген қаражат коронавирусқа қарсы күреске пайдалану үшін бюджетке қайтарылған.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтан әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қала тұрғындарына жаңажылда ұжымдық кештер өткізуге рұқсат жоқ екенін, тіпті жаппай серуендеуге болмайтынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889394-zaazyldyk-kesterde-tbe-krsetetin-seneunikter-zmystan-kuylmak/

pixel