RU

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 15-17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Ауа райын болшаушылар ұсынған мәліметке сәйкес, алдағы күндері еліміздің барлық аумағында негізінен жауын-шашынсыз аязды ауа райын алып келген Сібір антициклоны шығыс бағытта жылжи бастайды.

Оның артынан Солтүстік-батыс циклонының ығысатыны белгілі болды.

Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, сондай-ақ ауа температурасы жоғарлайды деп отыр.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін синоптиктер алдағы қыс қандай болатынын хабарлады.

Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, 2020-2021 жылдардың қысы өткен жылғы қысқа ұқсас, яғни жылы және жауын-шашынды болады деп болжанып отыр.

Сонымен қатар, қазақстандық белгілі астролог Ирина Әбдірайымова желтоқсан айына болжам жасаған болатын.

Әбдірайымова желтоқсандағы өзгерістерді Айдың және Күннің тұтылуымен байланыстырып отыр.  

"30 қараша күні Айдың тұтылуына куә болсақ, 14 желтоқсанда Күннің тұтылуын тамашалаймыз. Бұл астрономиялық құбылыстар бізге қалай әсер етеді?! Ең алдымен, күнделікті, бірқалыпты тірлігіміз өзгереді. Эмоцияға, сезімге көп берілеміз, интеллект пен ішкі түйсік басым түседі. Сенімсіздік пен мазасыздық күшейеді. Жылдың алғашқы жартысында жаңа дос тауып, жұмыс орнын, тұратын жерімізді немесе тағы басқа дүниелерді өзгертуіміз ықтимал", - дейді астролог.

Маманның сөзінше, желтоқсан айы күтпеген өзгерістерге толы. Мысалы, біреу аяқасты байып шыға келсе, енді бірі банкротқа ұшырап, жиған-тергенінен қапелімде айырылып қалуы ғажап емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889396-kazakstanda-aldagy-knderi-aua-rajy-kandaj-bolady/