Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәуелсіздік күні: Сыр елінде жаңа нысандар беріліп, азаматтар марапатталды

Опубликовано:

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Бүгін Қызылорда облысында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бірқатар нысандар ашылып, ел дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталды.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова алдымен мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевтың ескерткіш-мүсінінің салтанатты рәсіміне қатысты.

Қоғам қайраткерінің ескерткіш-мүсіні Тасбөгет кентіндегі Нәлқожа Ергешбаев атындағы №172 орта мектептің ауласында орнатылды. Сондай-ақ, мектеп жанынан өмірі мен қызметіне арналған қоғамдық музей ашылды.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Сондай-ақ, бүгін өңірде бүгін өңірде 500 орындық жаңа интеллектуалдық «Зерде» мектебі ашылды. Облыс әкімі жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, Сыр еліндегі білім беру саласындағы серпінді қадамдарды атап өтті.

Айту керек, интеллектуалды мектеп 3 қабаттан тұрады. Бірінші қабатта оқушылар үшін спортзал, би залы, асхана мен оқу кабинеттері орналасса, екінші қабатта балалар демалыс алаңы және теннис залы салынған. Ал, үшінші қабат заманауи үлгідегі акт зал, компьютер сыныпқа арналған.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мереке қарсаңында облыс әкімі тұрғындарға Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан 40 пәтерлі екі үйдің кілтін табыстады.

Қызылорда қаласында жыл басынан бері 580 пәтерді құрайтын 15 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл аяғына дейін қаламызда 680 пәтерді құрайтын 14 арендалық тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, қабылданады. Қазіргі таңда Қызылорда қаласында 1 741 пәтерлік 38 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күніне орай Сыр елінің бірқатар азаматтарына мемлекеттік нагрдалар табысталды.

Аймақ басшысы Президент Жарлығымен мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық сондай-ақ мәдени дамуына елеулі үлесі үшін ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Қызылорда «Болашақ» университетінің ғылыми жетекшісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Бақберген Досманбетовке табыстаса, «Құрмет» орденін Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова мен Қармақшы ауданындағы «Жаңа жол» ЖШС директоры Орынбасар Төлеповті марапаттады.

Қызылорда облысының әкімдігі
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталғандардың қатарында Сырдария ауданындағы «Қызылдихан» шаруа қожалығының механизаторы Қанат Байкенжеев, Қызылорда қаласындағы «ҚазГерМұнай» біріккен кәсіпорны» ЖШС операторы Қайрат Бисенбаев, Қызылорда жылу электр орталығының слесарі Әділбек Боханов, Шиелі ауданындағы «Байкен U» ЖШС дәнекерлеушісі Жолдасбек Мырзалиев және т.б бар.

Ерекше атап өту кету керек, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен өңірімізде алғашқы болып еңбек ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері Биғали Қаюпов наградталған, ал, Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрының әртісі Бақытбек Темірбековке «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы табысталды.

Сондай-ақ, жазушы, эколог-публицист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,әдебиет саласы бойынша мемлекеттік стипендия иегері Сайлаубай Жұбатырұлы мен мемлекет және қоғам қайраткері Сейітсұлтан Айымбетовке «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889417-tuelsizdik-kni-syr-elinde-zaa-nysandar-berilip-azamattar-marapattaldy/

pixel