RU

Нұр-Сұлтан маңына блок-бекеттер орнатыла ма: Санитар дәрігер жауап берді

блок-бекет 12
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елорданың бас санитар дәрігері қала маңына блок-бекеттер орнату мен астанадан шығатындар үшін міндетті ПТР тестілеуді енгізу қаншалықты мүмкін екенін айтты. Жанна Пірәлиеваның сөзінше, Нұр-Сұлтан коронавирус жұқтыру деректері бойынша "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа оралуы ықтимал деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанға әзірге блок-бекеттер мен санитарлық бекеттер қою да, міндетті ПТР тестілеу (елордадан шыққанда- ред) енгізу де жоспарда жоқ. Ауру деңгейі төмендейді деген тенденция бар, оны 2-3 күн бойы бақылаймыз.

Ауру 100 мың халыққа қатысты есептеледі - егер ауру мен R саны қалыпты шектен асса, біз тіпті "сары" аймаққа кіруіміз мүмкін",- деді Жанна Пірәлиева NUR.KZ тілшісіне берген сұхбатында.

Айтуынша, дәл осы себеппен Нұр-Сұлтанда "қызыл" аймаққа арналған шектеулері бар жаңа қаулылар қабылданып жатқан жоқ.

Айта кетейік, 14 желтоқсан, дүйсенбі күні коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша Павлодар облысы "қызыл" аймақтан шығып, тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана қалды. Бұндай мәлімет өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалайтын Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сайтында жарияланды.

Сайттың мәліметінше, 14 желтоқсан күні коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана бар. Ал "сары" аймаққа Алматы қаласы мен Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысы енген. Қалған өңірлердің барлығы және жалпы Қазақстан "жасыл" аймақта.

Еске салайық, Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 747 адам тіркелген. Олардың дені Шығыс Қазақстан облысында тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889421-nr-sltan-mayna-blok-beketter-ornatyla-ma-sanitar-driger-zauap-berdi/