RU

Алматы тауларының бірінде жоғалған азамат ауыр халде табылды (видео)

Құтқару
Скриншот: ТЖМ

Құтқарушылар Іле Алатауы тауларында жоғалып кеткен ер адамды тапты. Екі тәулік іздеуден кейін 14 желтоқсан күні сағат 15:50-де 1985 жылы туған ер адам Құмбелсу өзенінің шатқалынан табылған деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Құтқарушылар зардап шеккен ер адамды жаяу қауіпсіз жолмен Құмбелсу өзені арқылы өтетін көпірге тасымалдады.

ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, ол жерде жедел медициналық жәрдем бригадалары мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері азаматты күтіп алған.

Қазіргі уақытта ер адамның жағдайы ауыр деп бағалануда. Оны қауіпсіз жерге шығару тәуліктің қараңғы мезгіліне және тау беткейінің қауіпті тік болуына байланысты қиындай түскен.

Құтқару операциясына Республикалық жедел-құтқару жасағының 26 құтқарушысы жұмылдырылды. Құтқару жұмыстары шамамен бірнеше сағатқа созылады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 12 желтоқсанында тауға жалғыз кеткен ер адамның жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түскен болатын. Құтқарушылар тау беткейінің қауіпті тік болуына және айнала қараңғы болуына қарамастан, жоғалып кеткен адамды іздестіру жұмыстарын белсенді жүргізген.

Одан бөлек, Қостанай облысының Жанкелдин ауданында 1991 жылы туған жергілікті тұрғынды қасқыр талап, ол ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889427-almaty-tauynda-zogalgan-azamat-auyr-halde-tabyldy-video/