Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үш күндік іздеуден кейін таудан табылған Алматы тұрғыны қайтыс болды

Опубликовано:

Ерман Байменов
Ерман Байменов. Фото: instagram.com/ana_stellar

Тауға шығып жоғалып кеткен алматылық қайтыс болды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

"Құтқарушылар зардап шеккен адамды тапқан сәттен бастап, жедел медициналық жәрдемге табыс еткенге дейінгі тасымалдау уақыты шамамен бес сағатты құрады.

Зардап шеккен адам табылған кезде жағдайы өте ауыр болған.

Сағат 20.45-те Республикалық жедел құтқару жасағының құтқарушылары зардап шеккен 1985 жылы туған ер адамды Күмбелсу өзенінің көпірінде күтіп тұрған жедел медициналық көмек бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Екінші іздеу-құтқару тобында болған Апаттар медицинасы орталығының дәрігері ер адамның қайтыс болғанын анықтады", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 12 желтоқсанында тауға жалғыз кеткен ер адамның жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түскен болатын. Құтқарушылар тау беткейінің қауіпті тік болуына және айнала қараңғы болуына қарамастан, жоғалып кеткен адамды іздестіру жұмыстарын белсенді жүргізген.

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 14 желтоқсан күні сағат 15:50-де 1985 жылы туған ер адам Құмбелсу өзенінің шатқалынан табылғанын хабарлады. Құтқару жұмыстары шамамен бірнеше сағатқа созылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889441-s-kndik-izdeuden-kejin-taudan-tabylgan-almaty-trgyny-kajtys-boldy/

pixel