RU

Түркістанда киімнің темір сырмасын жұтып қойған жеті айлық сәби аман қалды

Нәресте
Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан қаласында жеті айлық сәби киімнің темір сырмасын жұтып, қақалып қалған. Тынысы тарылып, тұншыға бастаған баланың ата-анасы дереу медициналық жедел жәрдем қызметін шақыртқан деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шақыртуға 9 минутта жеткен құтқару тобы шұғыл түрде сәбидің тамағынан бөгде затты шығарып алады. Оны жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізіп, тиісті медициналық тексеру шаралары жүргізілген.

Қазіргі таңда нәрестенің өміріне еш қауіп жоқ. Айта кетейік, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы қызметкерлері жыл басынан бері өгде затты жұтып қойған 1330 сәбиді құтқарған. 600-ге жуық ересек азамат та медицина қызметкерлерінің көмегіне жүгінген.

Еске салсақ, бұған дейін тауға шығып жоғалып кеткен алматылық қайтыс болды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

"Құтқарушылар зардап шеккен адамды тапқан сәттен бастап, жедел медициналық жәрдемге табыс еткенге дейінгі тасымалдау уақыты шамамен бес сағатты құрады. Зардап шеккен адам табылған кезде жағдайы өте ауыр болған.

Сағат 20.45-те Республикалық жедел - құтқару жасағының құтқарушылары зардап шеккен 1985 жылы туған ер адамды Күмбелсу өзенінің көпірінде күтіп тұрған жедел медициналық көмек бригадасы мен Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлеріне тапсырды. Екінші іздеу-құтқару тобында болған Апаттар медицинасы орталығының дәрігері ер адамның қайтыс болғанын анықтады", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889451-trkistanda-kiimni-temir-sydyrmasyn-ztyp-kojgan-zeti-ajlyk-sbi-aman-kaldy/