RU

Тәулік ішінде қанша қазақстандық коронавирус жұқтырды

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде коронавирус дертінің таралуы бойынша 2020 жылғы 14 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ресми деректерді COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram-арнасы жария етті.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК келтірген мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте елімізде коронавирус дертін жұқтыру бойынша 661 жағдай тіркелген.

Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 142 986 жетті.

Оның ішінде:

Шығыс Қазақстан облысында - 17890 (+60),

Нұр-Сұлтан қаласында -17181(+47),

Алматы қаласында - 17124(+74),

Атырау облысында - 12146(+39),

Қарағанды облысында - 11510(+32),

Батыс Қазақстан облысында - 8607(+43),

Павлодар облысында - 7805(+71),

Солтүстік Қазақстан облысында - 7579(+70),

Қостанай облысында - 6469(+72),

Алматы облысында - 6264(+37),

Ақмола облысында - 6275(+68),

Шымкент қаласында -5439(+3),

Жамбыл облысында - 4730(+30),

Ақтөбе облысында -3585(+2),

Түркістан облысында - 3547(+4),

Маңғыстау облысында - 3510(+5),

Қызылорда облысында -3325(+4).

Еске салсақ, бұған дейін елорданың бас санитар дәрігері қала маңына блок-бекеттер орнату мен астанадан шығатындар үшін міндетті ПТР тестілеуді енгізу қаншалықты мүмкін екенін айтқан еді. Жанна Пірәлиеваның сөзінше, Нұр-Сұлтан коронавирус жұқтыру деректері бойынша "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа оралуы ықтимал.

Одан бөлек, 14 желтоқсан, дүйсенбі күні коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша Павлодар облысы "қызыл" аймақтан шығып, тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана қалғаны анықталды. Бұндай мәлімет өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалайтын Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сайтында жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889460-tulik-isinde-kansa-kazakstandyk-koronavirus-zktyrdy/