Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығыс Қазақстанда карантин 30 желтоқсанға дейін созылады

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері міндетін атқарушының 2020 жылғы 02 желтоқсандағы №25 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді деп хабарлайды КТК арнасы.

Қаулыда коронавирустың таралуының алдын алу үшін өңірдегі шектеу шаралары ұзартылатыны сөз етілген. Нақтырақ айтсақ, Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 17 желтоқсандағы сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 30 желтоқсандағы сағат 00:00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылады.

Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19-дың таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін екендігіне баса назар аударылды.

Еске салсақ, бұған дейін елімізде коронавирус дертінің таралуы бойынша 2020 жылғы 14 желтоқсандағы эпидемиологиялық жағдай туралы ресми деректерді COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram-арнасы жария еткен болатын. Оған сәйкес, өткен тәулікте елімізде коронавирус дертін жұқтыру бойынша 661 жағдай тіркелген.

Одан бөлек, елорданың бас санитар дәрігері қала маңына блок-бекеттер орнату мен астанадан шығатындар үшін міндетті ПТР тестілеуді енгізу қаншалықты мүмкін екенін айтқан еді. Жанна Пірәлиеваның сөзінше, Нұр-Сұлтан коронавирус жұқтыру деректері бойынша "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа оралуы ықтимал.

Сонымен қатар, 14 желтоқсан, дүйсенбі күні коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша Павлодар облысы "қызыл" аймақтан шығып, тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана қалғаны анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889465-sko-da-karantin-30-zeltoksanga-dejin-sozylady/

pixel