Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоғыз жасар бала футбол ойыны кезінде жарақат алып, көз жұмды

Опубликовано:

Футбол
Көрнекі фото: pixabay.com

Ресейдің Самара облысы Чапаевск қаласында тоғыз жасар бала футбол ойынынан кейін қайтыс болды деп хабарлайды ren.tv.

Тоғыз жасар бала футбол ойыны кезінде күтпеген жерден ауыр жарақат алып кенеттен қайтыс болды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бала ауруханаға 11 желтоқсанда кешке жеткізілген. Дәрігерлер оған мидың шайқалуы диагнозын қойды. Тексеру кезінде бала есінен танып, бірден жансақтау бөліміне жатқызылған.

Дәрігерлердің қанша тырысқанына қарамастан, оқушы есін жимастан тіл тартпай кетті.

Тергеу комитеті қайғылы оқиғадан кейін тексеруді бастады.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістанда киімнің темір сыдырмасын жұтып қойған жеті айлық сәби аман қалғанын жазған едік. Тынысы тарылып, тұншыға бастаған баланың ата-анасы дереу медициналық жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Шақыртуға 9 минутта жеткен құтқару тобы шұғыл түрде сәбидің тамағынан бөгде затты шығарып алады.

Одан бөлек, Алматыда тауға шығып, жоғалып кеткен ер адамның қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.

"Құтқарушылар зардап шеккен адамды тапқан сәттен бастап, жедел медициналық жәрдемге табыс еткенге дейінгі тасымалдау уақыты шамамен бес сағатты құрады. Зардап шеккен адам табылған кезде жағдайы өте ауыр болған", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1889501-togyz-zasar-bala-futbol-ojyny-kezinde-zarakat-alyp-kz-zmdy/

pixel