RU

"Бұл қорқынышты": ШҚО-да құдыққа құлаған әйел бірнеше сағат тұрып қалған

Фото
Фото: yk-news.kz

Өскеменде беті ашық қалған құдыққа жергілікті тұрғындардың бірі құлап кеткен деп хабарлайды YK-news.kz.

Басылым ұсынған мәліметке сәйкес, бірнеше сағат бойы көмек шақырған әйелді сол маңдағы адамдар естіп қалып, оны шығарып алған.

"Біз біреудің айқайын естідік, одан кейін қоршаудың артына секіріп, көмек беруге тырыстық. Бұл қорқынышты! Құдық терең болғандықтан, ересек адам да өздігінен шыға алмайды", - дейді құдық орналасқан көшенің тұрғыны Юлия.

Белгілі болғандай, құдыққа құлаған әйел суық 3 сағат отырыпты.

Фото
Фото: yk-news.kz

Көктемнен бері ашық жатқан құдыққа байланысты қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі пікір білдірді.

"Кузнечная көшесіндегі люктерді мердігер ұйым 2020 жылдың жазында орнатқан. Люктің қақпағы ұрланған сияқты. Енді оның бетін жабу қолға алынды", - деді ведомство өкілдері.
Фото
Фото: yk-news.kz

Еске сала кетсек, Башқұртстанда әйел адамның темір қоршауға қысылып қалып, үсіп өлгенін жазған болатынбыз. Марқұм түні бойы басымен төмен салбырап тұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889503-br-korkynysty-sko-da-jel-kdykka-klap-birnese-sagat-tryp-kalgan/