Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда ұшақ бортынан шұғыл ауруханаға жеткізілген алты айлық сәби көз жұмды

Опубликовано:

Сәби
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақтаудағы балалар ауруханасында әлі алты айға толмаған нәресте шетінеп кетті. Қараша айының соңында сәбиді шұғыл түрде Стамбұлға ұшатын ұшақ бортынан түсіріп, медициналық мекемеге жеткізген болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 қарашада бала ата-анасымен бірге Ақтаудан Стамбулға ұшқан. Алайда көкке көтерілген сәтте оның жағдайы нашарлап, денесі құрыса бастаған. Әуе кемесінің командирі Ақтау әуежайына қайта оралған.

Нәресте шұғыл түрде ауруханаға жатқызылған болатын.

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, рейстің кішкентай жолаушысы ауруханаға ауыр жағдайда, алдын ала қойылған "ауыр түрдегі екі жақты пневмония " диагнозымен түскен.

Сол кезде ПТР тест теріс нәтиже көрсетіпті. Яғни баладан коронавирус анықталмаған.

Жансақтау бөлімінде үш күн жатқан сәбидің дене қызуы өте жоғары болған.

"Тексеру кезінде балаға сепсис, ауыр энцефалит диагнозы қойылды", - дейді ведомство.

2 желтоқсанда биологиялық өлім тіркелген. Ақ халаттылар баланы құтқарып қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаған.

Еске сала кетсек, 30 қарашада Ақтау – Стамбұл бағытындағы ұшақ әуеге көтерілген соң бір жарым сағаттан кейін ұшып шыққан әуежайға қайта оралғанын хабарлаған едік.

Кейінірек, ұшақ бортындағы алты айлық нәрестенің денсаулығы нашарлап, есінен танып қалғаны белгілі болды.

Әуе кемесі сол себепті Ақтау әуежайына қайтуға мәжбүр болған. Сол кезде ақ халаттылар сәбидің жағдайы аса ауыр екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1889506-aktauda-sak-bortynan-sgyl-auruhanaga-zetkizilgen-alty-ajlyk-sbi-kz-zmdy/

pixel