Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда мониторингтік топ өкілдерін түнгі клубқа қамап тастады (видео)

Опубликовано:

Түнгі клуб
Көрнекі фото: Pexels.com

Алматыдағы The Artist түнгі клубына арнайы тексеріспен барған мониторингтік топты шығармай, қамап тастады. Ол жерде түнгі уақытта, шамамен, 400 адам болған деп жазады Sputnik Қазақстан.

Мониторингтік топқа қатысты жасалған әрекет туралы оның мүшесі, қоғам белсендісі Рафаэль Гасанов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, Ол шектеу шараларына қарамастан, кейбір мекемелердің ережені елемей, шектен тыс еркінсіп кеткеніне наразылық білдірді.

"Кеше әріптесім екеуіміз түнгі сағат 00.30-дың шамасында The Artist түнгі клубына бардық. Біз мониторингтік топ өкілдері ретінде келгеніміз жайында хабардар екенін түсіндік. Олар барлық шығатын және кіретін есікті жауып тастап, еркін жүріп-тұруымызға кедергі жасады. Сөйтіп, жазадан құтылуды және заңсыз әрекетті жасыруды көздеді деп ойлаймын", - деп жазды Гасанов Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, құқыққорғаушылар араласқаннан кейін 2-3 сағаттан соң, барлық адамды босатқан. Қоғам белсендісі кейбір мекемелердің бәріне ортақ ережеге бағынбай, еркінсініп кеткеніне шүйлікті. Ондай кәсіпкерлік нысандарға қатысты қатаң шара да қолданылмайды. 

"Неге ылғи ереже бұзатын және айыппұл арқалайтын орындар жұмыс істей береді? Бір қызығы, олар жауапқа тартылмайтынына сенімді. Әділдік қайда? Неге адал кәсіпкерлер жабылады, ал басқалар шектеу шаралары мен қаулыларды елемейді?" - дейді Гасанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889508-almatyda-monitoringtik-top-kilderin-tngi-klubka-kamap-tastady-video/

pixel