RU

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

Тәжвирус карантин
Фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігі санэпидемиологиялық бақылау комитеті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова алдағы мереке күндеріне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Маман санитар дәрігерлердің талаптары мен сақтық шараларын ұмытпауды сұрайды деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram арнасы.

"Эпидемиологиялық жағдайларды ескере отырып, тәуекелі жоғары өңірлерде күшейтілген шаралар сақталуда. Барлық өңірлерде ұжымдық мерекелерді өткізуге тыйым салынды", - дейді Роза Қожапова.

Алда болатын бірнеше мереке күндерін ескерген Қожапова азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды:

  • халық көп жиналатын орындарға бармау;
  • ұжымдық іс-шараларды өткізбеу және оларға қатыспау;
  • организмнің салқындауына жол бермеу;
  • коронавирустық инфекцияның алдын алу шараларын сақтау;
  • міндетті түрде маска тағу;
  • әлеуметтік қашықтық пен гигиеналық талаптарды сақтау;
  • құттықтау үшін қашықтан байланыс құралдарын пайдалану;

Еске сала кетсек, қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы бір-біріне "Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациядан бас тартуға болмайды" деген хабарлама таратты.

Алайда денсаулық сақтау министрлігі вакцинацияның ерікті түрде жүргізілетінін айтып, ақпаратты теріске шығарды.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 661 адамнан коронавирус анықталды. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 142 986 жетті.

Одан бөлек, 14 желтоқсан, дүйсенбі күні коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша Павлодар облысы "қызыл" аймақтан шығып, тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана қалғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889541-densaulyk-saktau-ministrligi-kazakstandyktarga-ndeu-zasady/