Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Жарияланған күні:

Полицей1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елдегі Тәуелсіздік күніне орайластырылған демалыс күндері кезінде Нұр-Сұлтан полициясы қызметтің күшейтілген режиміне ауысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жаяу жасақ саны арттырылды, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңсыз әрекеттерге жол бермеу үшін барлық шаралар қабылданды", – деп хабарлады полиция департаменті.

Сонымен қатар, полицияның хабарлауынша, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көшеде және көпқабатты үйлердің аулаларында, әсіресе ойын-сауық мекемелердің алаңдарында және басқа да азаматтардың жаппай демалатын және серуендейтін орындарында патрульдеу ұйымдастырылады. Көшедегі патрульдік қызмет жасақтарының тығыздығы артады.

Сондай-ақ, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғалары жағдайына және жол-көлік оқиғасы салдарының ауырлығына әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу жұмыстарын күшейтеді.

Одан өзге, полиция қызметкерлері карантиннің сақталуын бақылай отырып, елорда аумағын күзететін болады.

"Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті азаматтардан шектеу шараларын сақтауды, қабылданған шараларға түсіністікпен қарауды, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды және инфекцияның алдын алуда оларға көмектесуді сұрайды. Енгізілген шектеулер азаматтардың қауіпсіздігі үшін қажет", – деп хабарлады елордалық полиция.

Еске салсақ, денсаулық сақтау министрлігі санэпидемиологиялық бақылау комитеті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова алдағы мереке күндеріне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасаған еді.

Одан бөлек, 14 желтоқсан, дүйсенбі күні коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша Павлодар облысы "қызыл" аймақтан шығып, тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана қалғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889546-nr-sltanda-policia-ksejtilgen-zmys-rezimine-ksti/