Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деп айыпталған жаттықтырушы сотталды

Опубликовано:

каратэ
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтауда каратэ-додан жасөспірімдер жаттықтырушысына сот үкімі шықты. Оған кәмелет жасына толмаған тәрбиеленушімен еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсті деген айып тағылған деп хабарлайды Lada.kz.

Іс Маңғыстау облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Сот үкімі 8 желтоқсанда шыққан.

Сот процесінде каратэ-додан жасөспірімдер жаттықтырушысы болған ер адам кәмелет жасына толмаған тәрбиленушісінің сеніміне кіріп, қыздың еркінен тыс бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскені айтылды.

Мемлекеттік айыптаушы айыпталушыға 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұраған. Жәбірленуші тарап та прокурормен келіскен.

Алайда ол өз кінәсін сол күйі мойындамаған. Ер адамның қорғаушылары оның ақталуын сұраған.

Нәтижесінде Ақтау тұрғыны кәмлетке толмаған баланы зорлағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 14 жылға бас бостандығынан айырылған.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетсек, сенат депутаттары кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстарға қатысты заң жобасына өзгеріс енгізіп, төменгі палатаның қарауына қайтарды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Байқоңырда жеті жасар қызды зорлады деп айыпталған ер адамға сот үкімі шыққаны хабарлаған болатынбыз.

Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Алайда істі қарау барысында сотталушы өз кінәсін мойындамаған. Іс материалындарына сәйкес, қылмыс осы жылдың 28 шілдесінде болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889583-aktauda-kmelet-zasyna-tolmagan-kyzdy-zorlady-dep-ajyptalgan-zattyktyrusy-sottaldy/

pixel