Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр Алматы тауларында қаза тапқан азаматты құтқаруға авиация неге келмегенін айтты

Опубликовано:

Юрий Ильин
Юрий Ильин. Фото: ОКҚ

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ОКҚ өткен брифингте Алматы тауларында жоғалған 35 жастағы Ерман Байменовты құтқару операциясы жайлы толығырақ айтып берді. Құтқарушылар ер адамды өте ауыр жағдайда тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ильин қайтыс болған қазақстандықтың туыстарына көңіл айтты.

"БАҚ-тағы және блогерлердің оны көрсе де құтқармағаны туралы теріс ақпаратына қатысты айтқым келеді. Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы мен Алматы қаласы әкімдігінің құтқару қызметі іздеу жұмыстарын күндіз де, түнде де тоқтатқан жоқ.

Соңғы рет ер адамның орны геолокация арқылы анықталғаннан кейін ол ұялы телефон геолокациясынан бір шақырымдай жерден табылды. Дыбыстар, айқайлар болды, ол естіді немесе біздің құтқарушылар естіді деген ақпаратты растайтын фактілер жоқ", - деді ТЖМ басшысы.

Ол Байменовтың ауыр жағдайда табылғанын, оның төменгі аяқ-қолдары үсіп қалғандықтан тамыры әлсіз соққанын атап өтті.

"Ер адам тез арада медициналық мекемеге жеткізілген кезде түн болып кетті", - дейді министр.

"Неліктен авиатехника қолданылмады? Екі күндік іздеу жұмыстары барысында біз Қазгидромет ұсынған метеорологиялық жағдайлар бойынша бірнеше рет әуеге тікұшақ көтеруге тырыстық. "ҚазАэроНавигация" "ҚазАвиаҚұтқару" бөлімшесінің құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Алматы әуежайынан кетуіне рұқсат берген жоқ. Біз авиациялық қауіпсіздік ережелеріне бағынамыз.

Іздеу аймағында аспан жарым-жартылай ашық болды, бірақ Алматыдан тікұшақтардың ұшуы Азаматтық авиация комитеті бөлімшелерінің рұқсатымен жүзеге асырылады. Сол уақытта Алматыда бұлтты және тұман болды", - дейді Ильин.

Ол Байменовтың 15:00-де табылғанын айтты. Құтқарушылар оны жылыту үшін арнайы зембілге салып, жылы киіммен қатамасыз еткен. Ер адамды асуға дейін 1 шақырымнан астам жол бойы қолмен көтерген. Тағы 3 шақырымдай оны қиын метеорологиялық жағдайда алып жүрген.

"Өкінішке орай, құтқарушылар апаттар медицинасы орталығының кезекшілік орнына барған кезде дәрігерлер өлім жағдайын тіркеді", - дейді Ильин.

Министр тауда демалуды ұнататын жандарға алдын-ала өз бағытын сызып алуды және құтқарушылар тауға кім, қай жолмен кететінін білуі үшін бағытын төтенше жағдайлар бөлімдерінде тіркеуді сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1889602-tz-ministri-almaty-tauynda-zogalyp-ketken-er-adamdy-izdeuge-nege-tiksak-sykpaganyn-tsindirdi/

pixel