RU

Ресейдің барлық аймағында коронавирусқа қарсы вакцинация басталды

Вакцинация
Көрнекі фото: Kirill Kukhmar\TASS via Getty Images

Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко COVID-19-пен күрес жөніндегі кеңестің отырысында Ресейдің барлық өңірінде коронавирусқа қарсы вакцинация басталғанын мәлімдеді деп хабарлайды РИА Новости.

Михаил Мурашко препарат федерацияның барлық субъектілеріне жеткізілгенін нақтылады.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрі препараттарды ірі көлемде жеткізу үшін логистикалық тізбекті қалыптастыру мақсатында алдымен вакцинаның аз бөлігін сынақтан өткізгендерін атап өтті.

Мурашко вакцинаны қабылдауға барлық аймақтар дайын екенін, тасымалдау, сақтау және егу сапасының параметрлері пациенттер мен медициналық қызметкерлерге арналған жадынамалармен жасалғанын атап өтті.

Өз кезегінде премьер-министр Михаил Мишустин "өңірлерге вакцинаның уақтылы жеткізілуін" қамтамасыз етіп, оларды жедел таратуды тапсырды.

Елдегі жағдайға келсек, COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК келтірген мәліметтерге сәйкес, өткен тәулікте елімізде коронавирус дертін жұқтыру бойынша 661 жағдай тіркелген.

Оған қоса, желі оқырмандары Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау міндетті болатыны туралы жаңалықты кеңінен талқылап жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Айта кеткен жөн, денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова алдағы мереке күндеріне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889636-resejdi-barlyk-ajmagynda-koronaviruska-karsy-vakcinacia-bastaldy/