RU

Ақмола облысында әкім қайтыс болған жол апатының мән-жайы айтылды

Мирасхан Мұратов
Мирасхан Мұратов. Фото: ok.ru

Тарасов ауылдық округінің әкімі Мирасхан Мұратов қайтыс болған жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облыы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ақпаратынша, 14 желтоқсанда сағат 23:30-да Атбасар аудандық полиция бөлімінің кезекшілігіне жедел жәрдем диспетчерінен хабарлама түскен. Ол Екатеринбург-Алматы тас жолында Атбасардан 20 шақырым жерде жол апаты болғанын айтқан.

Алдын ала болжам бойынша, DAF көлігін тіззгіндеген Орал тұрғыны рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан Ваз-21214 көлігімен соғысқан.

51 жастағы "Нива" жүргізушісі оқиға орнында алған жарақатынан қайтыс болды.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі өндіріс басталды. Сараптама тағайындалды. DAF автокөлігінің жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда", - деді өңірлік полиция департаменті.

Еске сала кетсек, Тарасов ауылдық округінің әкімі, 51 жастағы Мирасхан Мұратов Атбасар қаласынан Тарасовка ауылына қарай қызметтік "Нива" автокөлігімен үйіне қайтып келе жатқан кезде жол апатына түсіп қайтыс болған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысы, Қарасу ауданы әкімінің 42 жастағы орынбасары жол апатынан қайтыс болғанын хабарлаған едік. Қайғылы жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889647-akmola-oblysynda-kim-kajtys-bolgan-zol-apatyny-mn-zajy-ajtyldy/