RU

Қазақстанға шетелден келген алты адамнан коронавирус анықталды

Әуежайдағы шабадан
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанға шетелден келген алты жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасы.

"2020 жылғы 13 желтоқсанда ҚР аумағына анықтамасыз ұшып келген 481 жолаушының ПТР-талдау нәтижелері бойынша 6 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Оның ішінде 2 жолаушы Стамбул – Алматы рейсімен, 4 жолаушы Шарм - эль-шейх-Нұрсұлтан рейсімен келген", - делінген хабарламада.

Қалған 475 жолаушылардың ПТР тестілеуі теріс нәтиже көрсеткен.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрлігі санэпидемиологиялық бақылау комитеті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова алдағы мереке күндеріне байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады.

Маман санитар дәрігерлердің талаптары мен сақтық шараларын ұмытпауды сұрайды.

Айта кетсек, қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы бір-біріне "Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациядан бас тартуға болмайды" деген хабарлама таратты.

Алайда денсаулық сақтау министрлігі вакцинацияның ерікті түрде жүргізілетінін айтып, ақпаратты теріске шығарды.

Сондай-ақ, өткен тәулікте елімізде 661 адамнан коронавирус анықталды. Бүгінгі күнге дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың жалпы саны 142 986 жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889652-kazakstanga-setelden-kelgen-alty-adamnan-koronavirus-anyktaldy/