Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Егемендік – басты құндылығымыз": Мәулен Әшімбаев Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жарияланған күні:

Мәулен Әшімбаев
Мәулен Әшімбаев. Фото: parlam.kz

Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәулен Әшімбаев Facebook желісіндегі ресми парақшасында тәуелсіздік мейрамына қатысты жазба жариялап, барша отандастарын құттықтап өтті.

"Құрметті достар! Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – еңселі елдік пен асқақ рухтың мерекесі. Еркіндік пен егемендіктің жаршысы. Сондықтан оның Қазақстан халқы үшін маңызы зор, мәртебесі биік. Шын мәнінде, егемендік – біздің ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздіктің арқасында тіліміз бен ділімізді, тарихымыз бен дәстүрімізді, мәдениетіміз бен руханиятымызды жаңғырттық. Елбасының стратегиялық саясаятының нәтижесінде экономикамызды өркендетіп, дүние жүзі мойындаған тұғырлы мемлекетке айналдық" , - деп жазды сенат төрағасы.

Сонымен қатар, Әшімбаев еліміздің тәуелсіздігінің қадір-қасиетіне терең мән беріп, оның баянды болуы үшін әр қазақстандық атсалысу қажет екенін айтты.

"Бабадан мирас болған ұлан-ғайыр жеріміз бен тәуелсіз елімізді қорғап, келер ұрпаққа аманат етіп тапсыру – әр қазақстандықтың Отан алдындағы қасиетті борышы. Бүгінде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып жатқан маңызды реформалардың барлығы осындай мақсат-міндетке табан тірейді. Экономикалық өрлеу және әлеуметтік даму жолындағы игілікті істердің бәрі Тәуелсіздікті нығайту үшін жасалған нақты қадам екені сөзсіз.

Қазіргідей сын-қатерлер заманында мемлекеттілікті сақтаудың, біртұтастықты бекемдеудің, ұлттық тамырдан ажырамаудың қаншалықты маңызды екенін бәріміз көріп отырмыз. Сондықтан Тәуелсіздіктің қадір-қасиетіне терең мән беріп, оның баянды болуына бәріміз атсалысуымыз қажет.

Алдағы уақытта қазақтың абырой-беделі бұдан да аспандап, рухымыз асқақтай түсеріне ешқандай күмән жоқ. Осы жолда жұдырықтай жұмылып еңбек етейік. Тәуелсіздікті сақтауға өз үлесімізді қосайық.Баршаңызды ұлтымыздың ең ұлық мерекесімен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз іргелі болсын! Қазақ елі мәңгілік жасай берсін" , - деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889671-egemendik---basty-kndylygymyz-mulen-simbaev-tuelsizdik-knimen-kttyktady/