АҚШ елшісі қазақстандықтарды мерекемен құттықтады
Опубликовано:

Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Уильям Мозер қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
"Құрметті қазақстандықтар! Мен президент Трамп пен Мемлекеттік хатшы Помпеоға қосыла отырып, Сіздерді аса маңызды ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мереке құтты болсын", - деді Уильям Мозер.
Кейіннен елші "МузАрт»" тобының "Өз елім" әнінің сөздерінен үзінді оқып берді.
"Түлегі сендер, тілегі сендер, тірегі сендер сол елдің. Назары сендер, базары сендер, ажары сендер бұл елдің»", - деп АҚШ елшісі әннің сөздерін келтірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889675-aks-elsisi-kazakstandyktardy-merekemen-kttyktady/