RU

Елімізде өткен тәулікте тағы 800-ге жуық адамнан коронавирус анықталды

Бетперде
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 788 адам тіркелді. Олардың дені Нұр-Сұлтан қаласында деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 111

Алматы қаласы - 77

Шымкент қаласы - 4

Ақмола облысы - 59

Ақтөбе облысы - 12

Алматы облысы - 49

Атырау облысы - 77

Шығыс Қазақстан облысы - 69

Жамбыл облысы - 33

Батыс Қазақстан облысы - 27

Қарағанды облысы - 30

Қостанай облысы - 70

Қызылорда облысы - 2

Маңғыстау облысы - 10

Павлодар облысы - 88

Солтүстік Қазақстан облысы - 65

Түркістан облысы - 5

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 144 523.

Сонымен қатар өткен тәулікте тағы 746 адам COVID-19 инфекциясынан жазылып шыққан. Ел бойынша коронавирустан жазылғандар саны 128 964-ге жетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймаққа енген еді. Енді "қызыл" аймаққа Атырау облысы да еніп отыр.

"Сары аймақта" Алматы қаласы мен Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлер - "жасыл аймақта".

Ал бұған дейін "қызыл" аймақта болған Павлодар облысында 16 желтоқсаннан бастап карантин жеңілдеді. Мәселен Павлодар, Екібастұз, Ақсуға қойылған блок-бекеттер алынды.

Одан бөлек, қалалар арасында қатынауға да рұқсат берілді. Сенбі және демалыс күндері азық-түлікке жатпайтын тауарларды сататын дүкендерге де жұмыс істеуге рұқсат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889723-elimizde-tken-tulikte-tagy-800-ge-zuyk-adamnan-koronavirus-anyktaldy/