Қарағанды облысында санитарлық бекеттер алынады
Жарияланған күні:

Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы жарияланды. Оған сәйкес, 18 желтоқсанда аймақта санитарлық бекеттер алынады деп хабарлайды өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық департаменті.
Белгілі болғандай облыстың бас санитарлық дәрігері өңірмен шекаралас аймақтарда аурудың азаюын басшылыққа ала отырып, осындай шешім қабылдаған.
Айта кетейік, облыстың сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін қойылған Бұқар Жырау, Қарқаралы және Осакаров аудандарының аумақтарында орналасқан санитарлық бекеттер алынады.
Қаулы 2020 жылдың 18 желтоқсанында 00.00-ден бастап күшіне енеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте карантиндік шектеу шаралары 11 қаңтарға дейін ұзартылғанын хабарлаған едік.
Қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес:
- Жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, кеңсе қызметкерлерінің 50%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіру қажет.
- Сауда орталықтарында, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, халыққа қызмет көрсету саласындағы нысандарда және адамдардың көп жиналуға мүмкіндігі бар орындарда күнделікті дезинфекциялық жұмыстар жасалуы керек.
- Сауда-ойын сауық орталықтары, сыйымдылығы 30% аспайтын сауда үйлері, бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес арақашықтықты сақтаумен жұмыс күндері сағат 09:00-ден 23:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істей алады.
- Жұмыс, демалыс және мереке күндері қоғамдық көліктердің қозғалысына сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін рұқсат.
Сонымен қатар "қызыл" аймаққа Атырау облысы да кіргенін айта кетейік. Бұған дейін аталмыш аймақта тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана бар еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889768-karagandy-oblysynda-sanitarlyk-beketter-alynady/