"Менің туым – менің Отаным!": Қазалылықтар акцияға қызу қолдау білдірді
Жарияланған күні:
Елімізде Тәуелсіздік мерекесіне орай қолға алынған "Менің туым – менің Отаным!" акциясына қазалылықтар да қызу қолдау білдірді.
Барша аудан тұрғындарын патриоттыққа және мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге шақырған іс-шара Әйтеке би кентіндегі «Жеңіс» саябағының алдында өтті.
Ел Тәуелсіздігінің 29 жылдығына орай ұйымдастырылған аттылар шеруіне 29 шабандоз қатысты. Туды көкте самғатқан шабандоздар аудан орталығындағы көшелерімен жүріп өтті.
"Бүгінде Қазақстанның Көк туы астында біздің адамдар ерлік жасап, еңбек, ғылыми, мәдени және спорттық жетістіктерін көрсетеді. Біз әртүрлі салада жоғары жетістіктерімен еліміздің Көк байрағын көкте желбіретіп жүрген азаматтарға алғысымызды білдіреміз. Бұл – нағыз қазақстандық патриотизм! Бүгінгі акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерімізді насихаттау арқылы оларға құрмет көрсету, азаматтардың туған еліне деген патриоттық сезімін ояту", – дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Дәурен Тілеумбетов.
Айта кетейік, бұған дейін ауданда «Менің туым – менің Отаным!» акциясы аясында авто шеру ұйымдастырылып, жастар еліміздің Көк байрағын орталық көшелерімен алып өтіп, ұлықтады.
Көк Туымен тұғырлы болған Қазақ елі мәңгіліктің даңғылына түскен керуен көшінің өн бойында жаңа заманның жылы лебі еседі. Шұғылалы күннің астында қалықтап ұшқан қыран да қазақтың алар биігі асқақ екенінен сыр шертетіндей.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889849-meni-tuym---meni-otanym-kazalylyktar-akciaga-kyzu-koldau-bildirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.