Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте екі жасар бүлдіршін пойыз астына түсіп, қайтыс болды

Опубликовано:

Теміржол1
Көрнекі фото: piqsels.com

Кеше, 18 желтоқсанда Шымкентте қайғылы оқиға орын алды. Екі жасар сәби пойыз астына түсті. Бала жедел жәрдем келгеннен кейін қайтыс болды.

Қайғылы жағдай туралы Otyrar.kz телеарнасы хабарлады.

Апат кезінде нәрестенің жанында анасы болғаны белгілі болды. Әйел екі жасар баламен бірге белгісіз жерде тұрған вагондардың астынан өтуге тырысқан. Нәтижесінде пойыз жүре бастаған. Баланы екі вагон басып өткен.

Дереу оқиға орнына дәрігерлер шақырылды, бірақ олар сәбиді құтқаруға үлгермеді. Бүлдіршін дәрігерлер келгеннен кейін қайтыс болды.

Аталған факті бойынша тергеу басталды.

Еске салсақ, Шымкентте бір жасар қызды пойыз қағып кеткені туралы жазған едік. Бала үйдің жанында ойнап жүрген екен, ал үлкендер баладан көз жазып қалған сәтте, бүлдіршін қыз жолға жүгіріп шығыпты. Теміржол қоршалғанымен, оның қақпасы ашық болғаны атап өтілді. Нәтижесінде қыз пойыздың астына түскен.

Еске салсақ, Оралда әйел адамды пойыз қағып кетті. Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға бүгін Желаев жолы мен Ружейников көшесі қиылысындағы теміржол өткелінде болған. Пойыз қағып кеткен жасы 50 шамасындағы әйел жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Оған қоса, Қызылордада теміржолды кесіп өтпек болған 26 жастағы жергілікті тұрғынды "Қызылорда-Петропавл" жолаушылар пойызы басып кеткен. Соның салдарынан ол оқиға орнында қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889869-symkentte-eki-zasar-bldirsin-pojyz-astyna-tsip-kajtys-boldy/

pixel