RU

"Самара-Шымкент" тас жолында әйел мен нәресте қаза болды (фото)

Жол апаты
Фото: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

18 желтоқсан күні Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" тас жолының 624-ші шақырымында жол апаты болып, 56 жастағы әйел мен оның бір жасар немересі қаза тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Ваз-21144" көлігінің 29 жастағы жүргізушісі "Самара-Шымкент" тас жолында жолдың ерекшеліктері мен метеорологиялық жағдайларды ескерместен, тайғақ жолда көлігін басқара алмай, 54 жастағы Алға ауданының тұрғыны басқарған "Toyota Prado" көлігіне соқтығысады", - делінген ПД хабарламасында.

Жол апатынан ресейлік көлік жүргізушісі мен екі кәмелетке толмаған баланың жарақат алғаны хабарлануда - оларды Қобды орталық аудандық емханасына жатқызды.

Көліктің тағы екі жолаушысы - 56 жастағы әйел мен оның бір жасар немересі түрлі дене жарақаттарынан оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Жол апаты
Фото: Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

"Toyota Prado" көлігі мен оның екі жолаушысы да аудандық емханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

"Факті бойынша "ҚР ЖЖЕ бұзу" 345 бабымен сот алды тергеу басталды", - деп қосты департаменттің баспасөз қызметі.

Полицейлер тұрғындарға жолға шықпас бұрын қысқы дөңгелектерге көшіп, көлікті жан-жақты тексеру керектігін ескертуде. Одан бөлек, жылдамдық режимін сақтап, ауа райына аса мән берген де маңызды дейді тәртіп сақшылары.

Еске салсақ, бұған дейін Шымкентте екі жасар бүлдіршін пойыз астына түсіп, қайтыс болғанын жазған едік.

Одан бөлек, Павлодар облысында жас жігіт аяусыз соққыға жығылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889882-samara-symkent-tas-zolynda-jel-men-nreste-kaza-boldy-foto/