RU

Қар, боран мен көктайғақ: Еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды

Қыс
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 20 желтоқсанға Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл ақпарат "Қазгидромет" мемметеоқызметінің ресми сайтында пайда болды.

20 желтоқсанда Ақмола облысында қар жауады. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Нұр-Сұлтан қ.: 20 желтоқсанда қар жауады, жаяу бұрқасын күтіледі.

20 желтоқсанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

20-21 желтоқсанда Қарағанды облысында кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа жел ауысады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Қарағанда қ. 20 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі.

Түнде 20 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

20 желтоқсанда түнде Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Шымкент қ.: 20 желтоқсанда түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түркістан қ.: 20 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

20 желтоқсанда Павлодар облысында қар жауады. Кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 20 желтоқсанда қар, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі.

20 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Ақтау қ: 20 желтоқсан түнде көктайғақ күтіледі.

Түнде 20 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

19-20 желтоқсан Атырау облысының кей жерлерінде тұман, 19 желтоқсан көктайғақ күтіледі. Атырау қ.: түнде 19 желтоқсанда тұман, көктайғақ күтіледі.

19-21 желтоқсанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с, күндіз 19, түнде 20 желтоқсанда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қ: 19-21 желтоқсанда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. 19 желтоқсанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889887-kar-boran-men-kktjgak-elimizdi-birnese-oblysynda-dauyldy-eskertu-zarialandy/