Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда қаласынан Түркістан облысына дейінгі аралықта жол жабылды

Опубликовано:

Жол1
Көрнекі фото: piqsels.com

Қызылорда қаласынан Түркістан облысына дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы уақытша шектелді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысында ауа райы күрт құбылды. Жаңбыр мен қар жауғанына байланысты асфальт бетінде мұз қатты. Бұл жол-көлік оқиғасының жиілеуіне алып келді. Осыған орай Қызылорда облыстық полиция, облыстық төтенше жағдайлар департаменттері және «Қазавтожол» ҰК АҚ филиалы жол бойында тиісті іс-шараларды қолға алды.

19 желтоқсан сағат 10.00 бастап «Самара-Шымкент» автомобиль жолының 1824-2057 шақырымы учаскесінде автокөлік қозғалысы уақытша шектелді. Жабылған жолдың жалпы ұзындығы - 233 шақырым. Ол Қызылорда қаласы мен Түркістан облысына дейінгі аралықты қамтиды.

Бұл факті бойынша Қызылорда облысының ҚАПБ және полиция департаментінің жол-техникалық инспекция қызметкерлері «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ, «Қазақавтожол» ЖШС мамандарымен бірлесіп автожолдарды тексерді. Көлік қозғалысын шектеу үшін облыстық полиция департаментінің патруль полициясы ротасының 5 экипажы, Шиелі және Жаңақорған аудандарының полиция бөлімдерінің 53 қызметкері 13 автокөлікпен жұмылдырылды.

Сондай-ақ, «Қазавтожол» мекемесі мамандары 12 арнайы техникамен «Самара-Шымкент» автожолының мұз басқан учаскесіне 120 тонна құм және тұз секілді тайғаққа қарсы материалдар төселді. Айта кетейік, «Самара-Шымкент» тасжолының Қызылорда қаласы мен Түркістан облысының шекарасына дейінгі аралығында ауа райының қолайсыздығынан бірнеше жол апаты болған. Аталған оқиғалардан қайтыс болғандар және зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, Шымкентте екі жасар бүлдіршін пойыз астына түсіп қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889894-kyzylorda-kalasynan-trkistan-oblysyna-dejingi-aralykta-zol-zabyldy/

pixel