Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жеңіл көлік пен автобус соқтығысып, алты адам зардап шекті

Опубликовано:

Жол апаты
Видеодағы кадр: instagram.com/almaty_kris_p

Кеше, 19 желтоқсан күні Алматы қаласында Lada Granta көлігі мен Yutong автобусы соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 6 адам жарақат алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиғаның видеожазбасы Instagram желісіндегі almaty_kris_p парақшасында жарияланды.

Оқиға кеше сағат 10.40-та болған.

Полицияның хабарлауынша, жеңіл көлік жүргізушісі Жүргенов көшесінің бойымен шығысқа қарай қозғалған. Жангелдин қиылысында ол 2.4 жол белгісін ескермей (Жол беріңіз), қиылысқа шығып, Yutong автобусымен соқтығысқан. Автобус оңтүстікке қарай қозғалып бара жатқан.

Жол-көлік оқиғасында Lada жүргізушісі, жеңіл автокөліктің 3 жолаушысы, сонымен қатар автобустың 2 жолаушысы жарақат алды.

Алматы қаласы ДП тергеу бөлімінің бастығы Олжас Шарипов бұл факт қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін атап өтті. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысындағы тас жолда 11 жолаушысы бар автобус жолдан шығып кетіп, аударылып қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Оға нқоса, Алматыдағы шығыс айналма жолында үш автокөліктің қатысуымен жол апаты болғаны турады жазған едік. Апат салдарынан екі көлік аударылып қалған. Mitsubishi Pajero мен Mercedes C-class шығыс айналма жолда солтүстік бағытта қозғалғаны анықталды. Диваев көшесіне жетпей көліктер соқтығысып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889945-almatyda-zeil-klik-pen-avtobus-sogysty-apattan-alty-adam-zardap-sekti/

pixel