Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл сынды қолдаймын": Әкім орынбасары Павлодарда азық-түлік қымбаттағанына көз жеткізді

Опубликовано:

Көгөністер
Көрнекі фото: NUR.KZ

Павлодар облысы әкімінің орынбасары базарларды аралап, 2020 жылы кейбір кәсіпкерлер өнімге үстеме ақыны өсіруге тырысып жатыр деп қорытындылады. Ол қиярдың килограммы 2400 теңгеге дейін жететін құнын мысалға келтірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Асайын Байханның Instagram-дағы ресми аккаунтына сілтеме жасап.

Аймақ басшысының орынбасары әлеуметтік желідегі парақшасында тұрғындар арасында танымал дүкендерді мақсатты түрде аралап, бағаларын қадағалап отыратынын жазды. Асайын Байханның айтуынша, тұрғындар арасында мандарин, қияр, қызанақ, жемістер мен көгөністер бағасының аспандап кетуіне қатысты сындар өте әділ.

"Мен бұл сынды толығымен қолдаймын, оны көзбен көруге болады. Негізсіз қымбаттау фактілері бар. Мұны әртүрлі, тіпті бір-бірінен 50-100 метр қашықтықта орналасқан дүкендерде бір тауар бағасының айырмашылығынан байқауға болады", – деп жазады Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.

Асайын Байханның айтуынша, тауар бағалары жаңа жылдық мерекелер қарсаңында жыл сайын көтерілген, бірақ биыл бұл айтарлықтай сезіліп жатыр. Сондықтан өсімнің негізділігін тексеру мақсатында сауда нүктелерінде рейдтер өткізуді бастау туралы шешім қабылданды.

"Сонымен қатар, енді мен бір қарапайым мысалмен бірдей қиярлардың бағасы көгөністердің алуан түріне, оның шыққан еліне тікелей байланысты болатындығын көрсеткім келеді. Міне, нарықта қиярдың екі түрі бар бір фотосурет: біріншісі – Ақсу қаласындағы жергілікті жылыжайда өсірілген қиярдың 1 кг-ы 1150 теңге тұрады, екіншісі – Миринда, голландиялық гибридті қияр, 1 кг бағасы 2450 теңгені құрайды, бұл бір кг еттен қымбат", – деп жазады Асайын Байхан.

Облыс әкімінің орынбасары сатып алушыларды дүкендердегі баға айырмашылығына мұқият қарап, құны әлдеқайда арзан жергілікті өнімді таңдауға шақырды.

Еске салсақ, елімізде бір жылда соғым қаншаға қымбаттағаны туралы жазған болатынбыз.

Айта кетейік, бұған дейін ел тұрғындары айлығының жартысын тамаққа жұмсайтынын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889972-bl-syndy-koldajmyn-kim-orynbasary-pavlodarda-azyk-tlik-kymbattaganyna-kz-zetkizdi/

pixel